Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Қойылым Д.Исабеков «Әпке» драммасы
10
март
2023

Қойылым Д.Исабеков «Әпке» драммасы


Мектепішілік оқу-тәрбие жоспарының орындалуына сәйкес, наурыздың 01.03-10.03 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті   пән  бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында салтанатты жабылуға орай сыныптан тыс, 9-10 сынып оқушыларының күшімен Д.Исабековтың «Әпке» драмасы сахналанды . Театр қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын бірден бір жол екені сөзсіз.

 Жұмысымызға тоқталатын болсақ, оқушылармен  ең алдымен кастинг өткіздік, кіріспе сұхбат ,психологиялық жағымды қарым –қатынас құру ,артикуляциялық жаттығулар сынды түрлі дайындық жүргіздік.Әуелі, актер қабылдаған кезде кастингтің әділ болуына көп көңіл бөлінді.Сахнаға тек талантты  ғана емес, сонымен қатар фактуралы актерлер керектігін де ойластырдық .

                 Театр –өмірдің боямасыз келбеті. Оқушылар әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынастарды тірілте білді. Әрбір іс-қимыл, ашу-ыза, сезім дірілі, шаттық-күлкі, қуаныш пен қайғы тікелей көрерменге әсер етіп, түрлі күйге түсіргені байқалды. Оқушы актерді рамкаға кіргізбеуге тырыстық ,біршама еркіндік бердік, кейіпкермен өз бойындағы ұқсастықтарды салыстырдық, бейнебаяндар көрсеттік ,оның себебі, актер актер тек орындаушы ғана болмасын дедік.Актер өнер тудырушы болу керек. Неліктен актердің шеберлігі деп айтамыз, себебі актер өзін әр рөлінде дәлелдеу керек. Роль – актерға сынақ. 

            Біздің бұл шығарманы сахналау мақсатымыз:отбасындағы қарым –қатынас,үлкенге ,бауырға деген құрмет пен сүйіспеншілікті сезіндіру,отбасындағы жағымды  психологиялық ортаның қалыптасу себебін түсіндіру; 

     Жалпы,театр өнері көрерменнің өмірге, коғам тыныс-тіршілігіне деген өзгеше көзқарасын    қалыптастырады.Қойылым жоғары деңгейде өтті деген баға берілді Оқушылар мінсіз ойнап шықты.. Сыншы ретінде Б.Римова атындағы театр актерлерін шақырдық .Мектеп оқушылары қкөрермен ретінде жас актер оқушыларды жылы қабылдап ризашылықтарын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив