27
ноябрь
2025
“Ұстазға құрмет – отбасынан басталады”
Ата-аналар педагогикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес “Ұстазға құрмет – отбасынан басталады” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ұстаз еңбегінің маңызын түсіндіру, бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлескен әрекетінің рөлін арттыру болды.
Жиналыста тақырыптың өзектілігі мен ата-аналар қауымдастығының мектеп өміріне белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Мұғалімдер тарапынан оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, мінез-құлық ерекшеліктері және мектеппен байланыстағы ата-ананың рөлі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар ата-аналарға ұстазға құрмет көрсету мәдениеті, баланың көзқарасындағы мұғалім бейнесінің қалыптасуы, отбасындағы тәрбиенің мектептегі нәтижеге әсері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Топтық талқылау барысында ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, мектеппен өзара байланыс орнатудағы ұсыныстарын білдірді.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан ұстаздар еңбегін бағалауға, балаларды мектепке құрметпен қарауға үйретуге және оқу-тәрбие үдерісін қолдауға бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Қорытынды: Жиналыс жоспарға сай жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар мен ұстаздар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған тиімді ой алмасу болып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге оң әсерін тигізді.
Жиналысты өткізген сынып жетекшілер:Ераділова А.Б.,Ахметканова А.А.