Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Математика және информатика пәндері бойынша қалалық дарынды балаларға арналған «Құлжабай Қасымов» олимпиадасы
20
февраль
2024

Математика және информатика пәндері бойынша қалалық дарынды балаларға арналған «Құлжабай Қасымов» олимпиадасы

Математика және информатика пәндері бойынша қалалық дарынды балаларға арналған «Құлжабай Қасымов» олимпиадасының Ережесі І. Жалпы ережелер Математика және информатика пәндері бойынша қаладағы дарынды балаларға арналған «Құлжабай Қасымов» олимпиадаларды өткiзу ережесi олимпиаданы ұйымдастыру,өткізу,қатысу және жеңімпаздарын анықтау тәртібін реттейді. ІІ. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері 2.1. Олимпиаданың мақсаты: -8-10 сынып оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау; 2.2. Олимпиаданың міндеті: - ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту. - дарынды балалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру -Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, ІІІ. Олимпиаданы өткізу тәртібі мен қатысу шарттары 3.1.Олимпиада екі кезеңнен тұрады: мектепшілік,қалалық. 3.2. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. 3.3. Тапсырмалар мектеп бағдарламасы бойынша тереңдетілген деңгейінен алынады және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушыларымен бекітіледі. 3.4. Олимпиада екі кезеңнен тұрады: 1.Тест тапсырмалары 2.Олимпиадалық есептер 3.5. олимпаиада қатысушылары екі бағытқа бөлінеді: 1) 8-10 сыныптар - математика 2) 8-10 сыныптар- информатика Олимпиадаға Жетісу облысы Талдықорған қала мектептерінің оқушылары қатыса алады. Әр мектептен пән бойынша әр сыныптан тек бір оқушы : 8 сынып – 1 оқушы математика, 1 оқушы информатика 9 сынып – 1 оқушы математика, 1 оқушы информатика 10 сынып – 1 оқушы математика, 1 оқушы информатика 3.6. Олимпиада Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жетісу Дарыны» КММ-ның жетекшілігімен Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп – лицейінің базасында 27.03.2024 күні өтеді. 3.7. Олимпиадаға қатысушыларды өтетiн жерге әкелу және алып қайту барысындағы қауіпсіздігі әр мектеп басшылары жауапкершілікке алады. 3.8. Олимпиадаға қатысатын оқушылардың (аты-жөні,мектебі,сыныбы) сұранысын 2024 жылдың наурыз айының 15-не дейін Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп – лицейінің электронды поштасына жібереді. it_school_lyceum_28@mail.ru . Тел. 8(7282) 41 – 54 - 56 Тел. 8(7282) 41 – 54 - 56 IV. Марапаттау 4.1. Олимпиаданың жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысқан оқушыларға сертификат беріледі. 4.2. Жеңімпаздар саны көп болған мектепке «Құлжабай Қасымов олимпиадасының үздігі» кубогы тапсырылады. V. Ұйымдастыру 5.1. Жетісу облысы Талдықорған қаласының білім басқармасының бұйрығы негізінде олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн құрылады. 5.2. Ұйымдастырушылар олимпиядаға өтінімдерді қабылдап , қатысушылар тізімін жасайды. VI. қазылар алқасы 6.1. Қалалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы төраға, хатшы және қазылар алқасының мүшелерiнен тұрады. Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжiрибелi мұғалiмдер енедi. 6.2. Олимпиаданың төрағасы мен қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша бекiтедi. 6.3 Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып олимпиаданың теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және құрады; 6.4.Орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi; 6.5. Тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жеке жауап бередi; 6.6.Олимпиаданың қазылар алқасы: 1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, 2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi; 3) жеңiмпаздарды анықтайды және жүлделi орындарды беру үшін ұйымдастыру комитетіне ұсыныс береді; 4) олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді; 6.7. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, ол ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына шағым айтуына болады, төраға үйлестiруге бөлінген мерзiмде мүшелер қатарынан осы мәселенi шешу жөніндегі тиiстi комиссия құруға құқылы. 6.8 Iрiктеу кезеңінiң жұмыстарын үйлестiру 1 күн iшiнде өткiзіледi it_school_lyceum_28@mail.ru . Тел. 8(7282) 41 – 54 - 56 Тел. 8(7282) 41 – 54 – 56
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив