Педагогтердің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсынң нәтижесі
Талдықорған қаласындағы «Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.11.2024 жылы өткізілген педагогтердің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу үшін құрылған комиссия отырысының шешімі
Директордың орынбасары Д.Айдабаева сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия мүшелері дене шынықтыру пәні мұғалімі бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа кандидаттардың құжаттарын қарап, жұмыс жүйесімен (түйіндемесі, іс-тәжірибесі, жетістіктері) таныстырды. Бос лауазымдар бойынша конкурс жарияланғандығын, конкурсқа кандидаттардың өтінішітері қабылданғанын айтып өтті. Отырыс барысында Умарханов А, Исабаев Е.К.,Канжархан Ә.,Аскарбеков Р.К.,Сүлейменов М.С.,Кенжебаев Ғ.К.,Ахметов Б.Т.,Тарыбаев Е.К,Садықов Н.Ә.,Шакарим Н.Н.,Қалдыбеков Е.,Алпысбай А.Т.,Қабыкен Д.Қ.,Мухангалиев К.М., Дулат Е.Д.,Тайырбек А.С.,Тұрған Е.Е.,Қалдыбеков Е,Т. құжаттары қаралды. Өтініш білдірген кандидаттың құжаттарымен таныстырды.
Тыңдалды: дене шынықтыру пәні мұғалімі бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа кандидаттардың құжаттарын қарау.
Сөз алды: комиссия мүшесі директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Айдабаева сөз алып, дене шынықтыру пәні мұғалімі бос лауазымдарына кандидаттардың бағалау парағымен таныстырып өтті. Өзіндік бағалаудағы балл көрсеткіштері талаптарға сай бағаланғандығы туралы айтты. Дене шынықыру пәні мұғалімі Тарыбаев Ермек Калмыканович 18,5 ұпай жинап, құжаттарын лайықты деп бағалайтынын атап өтті. Барлық комиссия құрамы дене шынықтыру пәні мұғалімі Тарыбаев Ермек Калмыканович дене шынықтыру пәні бос лауазымына лайық екендігін растады.
Шешімі:
- Конкурстық комиссия өтініш берушілердің өз қойған балдарын және оны растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, педагогтердің біліктілік сипаттарын сәйкес келеді деп шешті.
- Дене шынықтыру пәні мұғалімі бос лауазымына орналасу үшін өтініш берген Тарыбаев Ермек Калмыканович дене шынықтыру пәні бос лауазымына ұсынылсын.