Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде
22
февраль
2021

Тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде



 


№28 ІТ мектеп лицейінің оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуы 
Оқушыларға салауатты тамақтануы үшін мектебімізде асханамыз жұмыс жасап отыр. Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 175 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жалпыға  бірдей білім беру қорынан 115 оқушы тегін тамақтанса, 60 оқушы асхана мердігері тарапынан тегін тамақтанып отыр. Асхананы жалға алушы Сулейменханова А осы салада 7 жыл жұмыс жасап келеді. Асханада 11 қызметші бар. Оның 2 кондитер, 2 аспазшы, 3 ас үй жұмысшысы, 1 технолог, 2 ыдыс жуушы, 1 еден жуушы қызметін атқарады. Асхана жағдайы жақсы. Толық жабдықталған, безендірілген. Асхана тағамдары күнделікті таңертең медбикенің қадағалауынан өтеді. Ас мәзірімен сатылатын тағамдар санитарлық талапқа сай. Асхана қызметіне арнай пікір жазу кітабы арналған. Оқушылардың тамақтануы арнайы кесте бойынша беріледі. Асхана қызметкерлерінің барлығында арнайы формалары бар және үнемі перчатка киіп, тазалықты сақтайды. Асхана қызметкерлерінің қызмет көрсетуі жақсы. Оқушыларға жылдам қызмет көрсетеді. Ата-ана тарапынан ешбір наразылық білдірілмеді. 
В целях оздоровления учащихся в школе организовано горячее питание. Все учащиеся охвачены горячим питанием. Из них 175 учащихся - малообеспеченные. За счет фонда всеобуча горячим питанием охвачены 115 учащихся, за счет арендатора питается тоже 60 учащихся.
Арендатор школьной столовой Сулейменханова.А работает в сфере питания 7 лет. Количество работающих в столовой 11 человек. Из них: кондитеров – 2, поваров – 2, помощники поваров – 3, технолог – 1, посудомойщицы – 2, уборщица – 1. Столовая оснащена необходимым оборудованием. Меню столовой ежедневно проверяется медицинской сестрой школы. Продукция столовой соответствует требованиям СанПина. В столовой имеется Книга жалоб и предложения. Питание учащихся проводится по графику. Персонал столовой одет в спецодежду, соответствующую гигиническим требованиям. Учащиеся довольны услугами персонала столовой. Со стороны родителей жалоб нет.
 






№28 ІТ мектеп-лицейінің І жартыжылдықта мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту мақсатында  атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Оқушыларға салауатты тамақтануы үшін мектебімізде асханамыз жұмыс жасап отыр. Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 88 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жалпыға  бірдей білім беру қорынан 44 оқушы тегін тамақтанса, 44 оқушы асхана мердігері тарапынан тегін тамақтанып отыр. 

Мектеп оқушыларының күнделікті тамақтануы арнайы құрылған комиссия мүшелері тарапынан үнемі қадағаланып отырады. Асхана санитарлық-эпидемиологиялық  ұйғарым орталығының рұқсатымен және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып қызмет көрсетеді. Мектеп медбикесі асхана тамақтарының нормасын, сапасын күнделікті тексеріп отырады. Мектеп асханасын арнайы әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған кезекшілер оқушылардың, соның ішінде тегін тамақтанатын оқушылардың тамақтануын қатаң қадағалап отырады. Асханамызда аспазшы бұрышы ілінген, күнделікті ас мәзірі көрсетіліп тұрады. Асхана қызметкерлерінің арнайы киімдері бар, медициналық тексеруден өткен. Асхананың жалпы жағдайы әр айдың соңғы күндері тексеріліп, зерттеу актісі толтырылады. Жалпы асханамыздың санитарлық жағдайы жақсы, санитарлық-эпидемиологиялық станциясының талабына сай.  

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту және дұрыс тамақтануын ұйымдастыру іс-шаралары атқарылып жатыр. Оқу жылының басында оқушылармен дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру мақсатында мектеп медбикесі әр сыныптың сынып сағаттарына кіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Оқушыларға тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тамақ мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейтіні туралы баяндады.      

Сонымен қатар «Таза қол» акциясы аясында оқушыларға мектеп медбикесі баяндама оқып, үлестірмелі қағаздар таратты. 

Балалармен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беру, еңбек етумен сабақ үлгеру қабілетін арттыру мақсатында әр сыныпта «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 



Тәрбие сағаттарына мектеп медбикесі қатысып, қазіргі кезде қолданылатын түрлі газдалған сусындар мен тез дайындалатын тағам түрлерінің, атап айтқанда пицца, гамбургер, донер, чипсы, кириешки, фастфудтардың зияндылықтарын салыстырмалы түрде видеороликтер   көрсетіп, баяндап отті. 

         Сонымен қатар мектебімізде откізілетін ата-аналар жиналыстарында балаларының дұрыс тамақтануын қадағалау, жоғарыда көрсетілген зиянды тағамдарды қолданысқа бермеуін үздіксіз ескертіліп отырады. 


Алдыңғы уақыттарда да оқушыларға салауатты тамақтану туралы тәрбие беру мақсатында Ұлттық тағамтану орталығымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұндай кездесулермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қазіргі оқушыларымыздың болашақта өз денсаулықтарын сақтауға көп көмегін берері сөзсіз. 

Өткізілген шаралардан фотосуреттер

Қалалық СӨС мамандарымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында кездесу



Облыстық СӨС орталығымен бірлесе өткізілген спорттық іс-шара



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив