24
январь
2025
№28 ІТ мектеп-лицейінде “Үш бәйтерек — әдебиетіміздің асқар шыңы” атты қалалық әдеби battle
Бүгін Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейінде “Үш бәйтерек — әдебиетіміздің асқар шыңы” атты қалалық әдеби battle интеллектуалдық ойыны өтті.Шараның мақсаты:қазақ әдебиетінің негізін қалаушы үш бәйтерегіміз Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің 130 жылдық мерейтойына орай асыл мұраларын насихаттай отырып, үштік одақ: оқушы, студент, мұғалім және әдебиет қайраткерлері арасында достық алаңын құру арқылы сыйластық қарым-қатынас пен ұлттық зияткерлік құндылықтарды қалыптастыру.Әдеби battl-ға №7,12,19,29,30 мектеп пен жоғары политехникалық колледж мұғалімдері мен білімгерлері қатысты.Жеңімпаздар мен қатысушыларТалдықорған қаласы білім бөлімінің грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ераділова А.Б.,Аңсат М.Қ.



Ұйымдастырушылар:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ераділова А.Б.,Аңсат М.Қ.


