Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » №28 ІТ мектеп-лицейінде «Жаңа заман - жаңа ұстаз!»
07
февраль
2025

№28 ІТ мектеп-лицейінде «Жаңа заман - жаңа ұстаз!»

Қ.Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейінде «Жаңа заман - жаңа ұстаз!» тақырыбында 07.02.2025 жылы  іс-тәжірибе алмасу семинары қала деңгейінде өтті. Семинардың  мақсаты: заман талабына сай білім беру саласында  жаңа технология элементтерін  өз сабақтарымызға оңтайлы қолдану  бойынша іс-тәжірибе алмасу болды.   Бағдарлама бойынша мектептің  білікті  мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 45 мұғалім қамтылды. Оның ішінде 20 информатик, 25 математик.  Қалалық білім бөлімінің әдіскері Кульжибек Турисбековна  Пиза тапсырмалары бойынша соңғы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар 6-9 сыныптарда информатика пәні бойынша программалаудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. 3D принтермен  жұмыс жасаудың алгоритімі мен түрлі ресурс көздерімен бөлісті. Семинарға мектебіміздің информатика пәні мұғалімі
Баймуратова Жанна Батырбеккызы, Манибекова М.С., Жаканов Д.З.,  Булажанова Г.К.  Математика пәнінің мұғалімдері: Саби К., Асанбекова Э.К.  өз тәжірибелерімен бөлісті
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив