Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Қаңтар-ақпан айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша есеп
01
апрель
2022

Қаңтар-ақпан айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша есеп

№28 ІТ мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылы қаңтар-ақпан айларындағы

  Ұлттық   бірыңғай тестілеу бойынша есеп 


2021-2022 оқу жылының басында 11 сыныптар саны 40   оқушы болды, бірінші жарты жылдыдық ішінде 5  оқушы басқа мектептерге ауысып, нәтижесінде 35 оқушы қалды. Оның ішінде 33 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш берді, 2 оқушы өз еріктерімен ҰБТ тапсырудан бас тартты.  Оқушыларды ҰБТ-ге дайындық жүргізуі оқу жылының басынан қолға алынды. Дегенмен де тестілеу орталықтарының сынама тесттері аз болды. 

ҰБТ-ге дайындық жұмыстары 2021 жылдың қыркүйегінде тестілеу орталығынан алынған  байқау тестін алудан басталды. Алғашқы байқау тестінің нәтижесі бойынша орташа балл – 58 балл

 11 А сыныбы 62,2балл

11Ә сыныбы 54 балл

11 б сыныбы 57,4 балл.

Ата-аналардың демеушілігімен 2020 жылғы ҰБТ базасының кітапшалары 141 нұсқада алынды. Нәтижесі сынып ішінде, педагогикалық ұжым арасында  талқыланып, ата-аналарға жеткізіліп тұрды. Сынып ішінде бірнеше рет ата-аналар жиналысы өтіп, түсіндіру, талдау жасау жұмыстары жүргізіліп отырды. Кәсіби бағыт бағдар беру мақсатпен бейіндік пәндерін қателеспей дұрыс таңдауы жайлы мәлімет берілді. Мектеп психологтары байқау тестеріне міндетті түрде қатысып, оқушылардың психологиялық ахуалын анықтап, қажетіне қарай көмек көрсетіп отырды. Сондай-ақ ата-аналар жиналыстарына да қатысып, ата-аналар мен оқушыларға арналған психологиялық тренингтер өткізді.

 Биылғы оқу жылында оқушыларға ақылы оқу орнының конкурсына қатысу үшін 2 мәрте тест тапсыру мүмкіндігі берілген болатын. Бірінші тестке 35 оқушының 32 оқушысы қатысса, екінші мүмкіндікке 35 оқушының 14 оқушысы қатысты. Жалпы тест нәтижесі төмендегідей:

сынып

Қатысқан оқушы саны

Оның ішінде шығармашылық

Шығармашылық тест нәтижесі

Жалпы нәтиже

11 А

16

5

31,4

87

11Ә

11

2

32

86

11Б

6

2

31

73

  Жалпы балл 84,3 балл

2021-2022 оқу жылы қаңтар-наурыз

0-49 балл жинағандар -1

50-65 балл жинағандар- 5 

66-99 балл жинағандар-11  

100-140 балл жинағандар-7 

Орташа балл- 84,3 балл

Шығырмашылық тест 9 оқушы орташа  31,4 балл 


Сонымен үш сынып бойынша жалпы балл 84,3 балл, шығармашылық тест нәтижесі 31,4 балл. 2021-2022 оқу жылында 5 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болып отыр. Оның 1 оқушысы Чехияға оқуға түсуге ниет білдіріп, ҰБТ қатысудан өз еркімен бас тартты. Олар төмендегі нәтижені көрсетті:

          









"Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлер

міндетті  пәндер бойынша алған балдары

таңдау пәндері

жалпы балл


Қазақстан тарихы

оқу сауаттылығы

математикалық сауаттылық

1 пән атауы

баллы

2 пән атауы

баллы



Қабылбек Айкерім

15

19

10

химия

31

биология

30

105


Уразбаева Алуа

15

19






34


Сұлтан Аружан

11

20

14

география

32

ағылшын

23

100


Ерболат Дарина

15

17

10

география

29

ағылшын

41

112































      

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 2021-2022 оқу жылының тест нәтижесі төмен болды. Оған бірқатар себеп келтіруге болады.

Мұғалімдер жүктемесі;

Ата-аналардың қосымша білім беру орталықтары жайлы толық білмей жатып, балаларын жаппай қатыстыруы
Жүйелі түрде балаларының дайындығын қадағаламауы
Оқушы ниетін ескермей мамандықты өздері таңдауы
Мектеп тарапынан ұйымдастырылған қосымшаларға жүйелі түрде оқушылардың қатыспауы;


                                                                  ДОІЖО                        А.Касымбаева

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив