Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Бос жұмыс орындары
19
ноябрь
2024

Бос жұмыс орындары

«Жетісу облысы білім басқармасының  Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» меклекеттік мекемесінің «Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп--лицейі»КММ уақытша биология пәнінің мұғалімі бос лауазымына, тұрақты тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос лауазымына, педагог-ұйымдастырушы бос лауазымына  конкурс жариялайды.
Индекс 040000 Талдықорған қаласы , Көктем №9 
Анықтама телефоны: (7282) 41-54-56
Электрондық почта: IT_school_lyceum_28@mail.ru 
БИН 190540018760
Уақытша бос қызмет орны: биология пәнінің мұғалімі 
(апталық жүктемесі 16 сағат)
Еңбекақы мөлшері : 160000-180000
Тұрақты бос қызмет орны : Оқу-ісі жөніндегі орынбасары ,тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы. ( жүктемесі 1 ставка ) 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау өткізу туралы хабарландыру жеті жұмыс күн (20.11-29.11) кокурстың өткізілу күні 3.12.2024 
Конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады. 
1.    Осы қағидаларға 10 –қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;2.    Жеке басын куәаландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)3.    Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген- бар болса)4.    Педагогогтердің үлгілік біліктілік сипатталарымен бекітілген лауазымға қойылған біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5.    Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;6.    «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулықсақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілгеннысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);7.    Психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;8.    Наркологиялық ұйымнан анықтама. 9.    Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты  немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы,педагог-зерттеуші,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)10.    16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің тұрақты немесе  уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы 
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне ,жұмыс тәжірибесіне ,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  (біліктілігін арттыру , ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар  беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар , біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы қағидалардың 107 –тармағында  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы  құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. 

Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Педагогмәртебесі туралы», «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен  перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді. 

Конкурс өтетін орны: Жетісу облысы.Талдықорған қаласы. Көктем №9 көшесі 

Кандидаттардың құжаттарын қарау:
 Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестігіне  қарауды жүргізеді. 
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе ) жоғары оқу орнынан кейінгі  педагогикалық  немесе өзге де кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив