Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8 (7282) 41-54-56
8 (7282) 41-54-52
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » №28 IT мектеп-лицейінің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Каринбаеваның 2021-2022 оқу жылындағы оқу – үрдісі бойынша атқарған жұмыстарының есебі
01
сентябрь
2022

№28 IT мектеп-лицейінің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Каринбаеваның 2021-2022 оқу жылындағы оқу – үрдісі бойынша атқарған жұмыстарының есебі

№28 IT мектеп-лицейінің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Каринбаеваның 2021-2022 оқу жылындағы оқу – үрдісі бойынша атқарған жұмыстарының есебі

     Мектебіміз 2021-2022 оқу жылында 79-сыныпқа топтастырылған 2164 оқушымен бастап, 2180 оқушы контингентімен аяқтады.Мектеп оқыту 2 ауысымда жүргізілді.Оқу үрдісі ҚР мемлекеттік жалпыға міндеті білім беру стандарты негізіндегі 31қазан 2018жылғы  №604 бұйрығына сәйкес  жүргізілді .Мектептегі 79 сынып типтік мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша оқытылды.Соның ішінде 10 сыныптардағы 41 оқушы бейіндік оқытудың жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша ҚР мемлекеттік жалпы білім стандарттарының оқу жоспарларымен оқытылды.

     2021-2022 оқу жылында мектебіміздің алдында қойылған мәселелердің бірі – оқушылардың оқуға ынтасын , қызығушылығын арттыруда жұмыс мазмұнын өзгерту , білім сапасын арттыру, оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай дайындық деңгейін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқаруда мектепшілік бақылауға биылғы 2021-2022 оқу жылында  8г сыныбы жыл бойы төмен  нәтиже көрсеткен үшін  бақылауға қойылған болатын.Оқу жылы бойына педагогикалық шеберлік орталығының тренері қолдауымен пән мұғалімдеріне әлістемелік сүйемелдеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде оқу мен оқытудағы қиындық туғызатын мәселелер анықталып, білім сапасын арттыруға  бағытталған жұмыс дұрыс жолға қойылды. Осы  орайда мектептегі  мұғалімдердің   сабағына  қатысып,талдау жұмыстары жүргізіліп,оқытудың сапасына мектепшілік бақылауды күшейту қолға алынды.Әрбір мұғалімнің жұмысына диагностикалық талдаулар жасалынды.Биылғы оқу жылында мұғалімдер келесі міндеттерді шешуге қатысты:

     Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативті-ақпараттық құжаттарымен жұмыс жүргізілді:

     - ҚР Білім туралы Заңы.

     - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

     - ҚР Тіл туралы Заңы.

     - Мектеп жарғысы.

     - Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер,ережелер (ҰБТ,ОЖСБ,ішкі еңбек тәртіп ережелері).

      - Жылдық жұмыс жоспары.

     - Штатық кесте.

Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы барысында келесі жоспар бойынша мектепішілік бақылау іске асырылды:

  • Құжаттардың жүргізілуіне бақылау;
  • ББД сапасына бақылау;
  • Пәндердің берілу оқытудың деңгейіне бақылау;
  • Оқу бағдарламасының орындалу көлеміне бақылау;
  • Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуына бақылау;
  • Үйде оқытудың және жалпыға бірдей білім беру жүргізілуіне бақылау.

Бақылау тексеру формасында, сонымен қатар әдістемелік көмек көрсету формасында жүргізілді. Мектепішілік бақылау жоспары қажеттілігіне қарай толықтырылып отырды.  Бақылау қорытындысы педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы отырыстарда, әдістемелік кеңестерде, мектеп директорының   бұйрықтарында қарастырылды,

5-10 сынып оқушыларының білімділік деңгейі жүйелі түрде бақылау, тест, кесінді жұмыстарын (кірме бақылау, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық) алу түрінде жалпы сыныптық, пәндердің берілу сапасын тексеру барысында талданып отырылды. Пәндердің берілу сапасы мен оқушылардың ББД сапасы келесі схема бойынша жүзеге асырылды:

  • Оқу жылының басындағы ББД диагностикасы, оқущылардың ББД кемшіліктерді анықтау, оларды түзету бойынша жұмыс жоспарын құру;
  • Оқушылардың ББД кемшіліктердің жойылуын педагогтардың сабақтарына қатысу мен талдау жасау, бақылау жұмыстарын алу арқылы қадағалау;
  • Қайталау, қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы оқушылардың ББД диагностикасын жасау, кемшіліктерді жою барысында педагогтардың жұмысына талдау жасау;
  • Мұғалімнің қатысуымен әкімшілік бақылау жұмыстарын алу;
  • Оқушылардың ББД тексеру арқылы,  15 лицей сыныбына оқушылар іріктеліп алынды.

Куәліктер мен аттестаттарды тіркеу кітаптары.

Оқу жылының нәтижелері бойынша қатаң есептегі бланктарды тіркеу кітабында және сынып журналдарында бағалардың сәйкессіздігі болған жоқ. Мақтау қағаздарын тіркеу кітабы қанағаттанарлық жағдайда.

Оқушылардың жеке іс қағаздары.

Оқу жылы барысында жеке іс қағаздары  2рет тексерілді. Сынып жетекшілер жеке бас істердің нөмірін алфавиттік кітаптағы нөмірлерімен сәйкес, оқушылардың кету немесе келу туралы мәлімет уақытында белгіленіп отырды.

Сынып журналдары.

  • Көптеген мұғалімдер қатаң есептегі құжаттардың толтыруларына ұқыпты қарайды.
  • Жазбаша, практикалық жұмыстар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес орындалған.

Бағалар қоры жеткілікті.

Сонымен қатар журнал толтыруда келесі кемшіліктер орын алуда:

Кейбір мұғалімдер журналды уақытында толтырмаған, үй тапсырмаларын жазбаған. 

Жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып, төмендегі ұсыныс беріледі:

  1. Пән мұғалімдерімен сынып жетекшілермен қатаң есептегі құжаттарын толтыруы жайлы директордың ОІЖ жөніндегі орынбасары нұсқау жүргізіп, таныстым деп қол қойылсын.

2021-2022 оқу жылы  2164 оқушымен басталды.

Жылдық және тоқсандық оқушылар қозғалысы мен үлгерімі жайлы есеп беруде кемшіліктер болған жоқ. Сынып жетекшілер кестеге сай есептерін өткізді.

Сыныптар

Жыл басы

Жыл аяғына

1-4 сыныптар

1200

1213

1220

1232

1224

1224

5-9 сыныптар

871

868

872

882

880

880

10-11 сыныптар

93

94

91

88

76

76




2021-2022 оқу жылының аяғында 2180 оқушы болды. Жаз айларында 180 оқушы қабылданып, 246 оқушы кетті. 1 сыныпқа 320 оқушы қабылданды. 9 сыныпты 108 оқушы бітірді, оның 57 оқушы және басқа мектептерден 8оқушы 10-сыныпқа қабылданды.


  1. Балаларды мектепалды даярлық тобына қамту.

Мектепалды даярлық топтарындағы бала саны жыл басында –94 , класс комплектісі –4. Жыл соңында мектеп алды даярлық тобын – 97 бала бітірді. Мектепалды даярлық тобының – 2тобы 1 ауысымда, сағат – 8.30. Қалған – 2топ 2 ауысымда оқыды, сағат 13.30дан бастап оқыды. Осы топтардағы балалар өз жастарына сәйкес жинақталған.

  1. Оқушыларды мамандыққа баулу және еңбекке қамту бойынша жұмыс.

Мектепте оқушыларды мамандыққа баулу және еңбекпен қамту бойынша бұйрық шығарылды. Бұйрыққа сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілді.

10-11 сынып оқушыларының оқыту бағытын анытықтау және осыған сәйкесінше жұмыстар атқарылады, 9 сыныпты – 74 оқушы бітірді.

Ұсыныс:1,11 сыныпқа қабылданатын оқушылар саны, оқыту бағытын анықталсын.

  1. 9 сыныпты бітірушілердің еңбекке орналасуы және дәлелдейтін анықтамаларын жинақтау сынып жетекшілер тарапынан қатаң бақылауға алынсын
  2. Мектеп оқушыларының білім сапасы көрсеткіші 

Оқушылардың даму жағдайы мен білім-білік дағдыларының деңгейі жалпы мектеп бойынша 67% білім, 100% үлгерім сапасын көрсетті.



1т

Жыл соңы

Оқушы саны

2181

2183

2202

2180

2180

Оқу үздіктері 

270

297

330

344

369

Оқу екпінділері

792

835

865

801

830

Білім сапасы, %

48,7%

51,8%

54,6%

52,5%

55%

Үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

Аттестатталмаған

0

0

0

0

0

Оқушы саны

 

Оқу үздіктері


                                                                      Оқу екпінділері



Келешектің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білім еншісінде. Бастауыш мектеп бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны.Бастауыш мектептің білім сапасы мен оқыту үлгеріміне назар аударайық.Сыныптар бойынша үлгерім және білім сапасының сараптамасы төмендегі нәтижеге көрсетеді.

                                                              1-4 сыныптар бойынша білім сапасы


1т

жылдық

Оқушы саны

1219

1220

1232


1224

1224

Оқу үздіктері 

174

201

212

242

249

Оқу екпінділері

387

375

378

346

360

Білім сапасы, %

61,5

63,4

64,3

64,7

62,7

Үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

Аттестатталмаған

0

0

0

0

0

1-4 сыныптарының оқушылар саны 


                                       Оқу   үздіктері 


Оқу екпінділері 


                                        1-4 сыныптардың білім сапасы 



Жыл аяғы

1т

Жылдық

1-сыныптар







2-сыныптар


60,8

62,9

64,8

65,5


3-сыныптар


62,4

63,5

63,8

62,8


4-сыныптар


61

64

64

60



               Сыныптар бойынша  білім сапасының тоқсандық салыстырмалы мониторингі


 

Бастауыш сыныптар бойынша оқу үздіктері 271 оқушы , 211 оқу екпіндісі шығып отыр. Білім сапасы 71%.

Мектептің оқу бағдарламасы және оқу жоспары мемлекеттік функцияның орындалуын көздейді, яғни арнайы жалпы базалық оқытуды және оқыту үрдісінде баланың дамуын қамтамасыз ету. Мектептің негізгі іс-әрекеті – балаға базалық білім беру. Осы мақсатттардың орындалуы үшін, басты жағдай әр сабақта әр баланың мүмкіндігі мен қабілетін ескеру. Осы мәселені ескере отырып, 5-9 сынып оқушыларының білім сапасына тоқталсақ, ол төмендегідей:

5-9 сыныптар бойынша білім сапасы



1т

Жылдық

Оқушы саны

872

868

882

880

880

Оқу үздіктері 

82

84

102

89

106

Оқу екпінділері

416

368

444

416

431

Білім сапасы, %

57

52

62

57

61

Үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

Аттестатталмаған

0

0

0

0

0


                                                                                          Оқушы саны                                                                                       


Оқу озаты


Оқу екпінділері


Білім сапасы


10-11 сынып



1т

Жылдық

Оқушы саны

94

91

88

76

76

Оқу үздіктері 

12

14

16

13

14

Оқу екпінділері

37

44

43

39

39

Білім сапасы, %

52

64

67

68

70


Білім сапасы




Ұсыныс:

  • ҰБТ-ға қатысатын оқушының мүмкіншілігі жыл басында нақтылансын.
  • Сынып жетекшілер бірлестігі және пән ӘБ-нің отырысында жылдық қорытындысы талқыланып, оқушылардың білім деңгейін тұрақтандыру, жүйелеу шаралары белгіленсін.
  • Оқуға төмен ынтасы бар балалармен және дарынды балалармен жұмыс күшейтілсін. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив